М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжде ғылым күні

13.04.2022

Архимед пен Пифагор, Евклид пен Аристотель, Джордано Бруно мен Галилей, Эйнштейн мен Менделеев сияқты ғалымдардың есімдері бүкіл әлемге белгілі... Бұл ұлы тұлғаларды не біріктіреді? Әрине, әлемде үлкен қызығушылық тудыратын ғылымның дамуына үлкен үлес қосулары. 12 сәуір Қазақстанда Ғылым күніне арналған. Қазақ ғылымы әлемге көптеген ұлы есімдер мен жаңалықтар берді. Бүгінгі таңда Қазақстан ғылым, білім және техниканың әртүрлі салаларында жетекші орынға ие. Осы мерекелік күні колледжде айтулы оқиғалар – «Мектепке дейінгі тәрбие» және «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттері бойынша «WORLDSKILS KAZAKHSTAN - 2022» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында кәсіби шеберліктің облыстық чемпионаты және Орал гуманитарлық-техникалық колледжімен ынтымақтастық аясында «Жалпы білім беретін пәндерді оқыту аясында тәжірибе алмасу» семинары өтті. Біздің колледж қашанда халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде оқытушылар мен студенттердің ғылыми жетістіктерімен танымал болды. Чемпионаттың ашылу салтанатында «Мобильді қосымшаларды әзірлеу», «Желілік және жүйелік әкімшілендіру», «Веб-технологиялар» бойынша студенттерді WSK чемпионатына дайындағаны үшін мұғалімдерге алғыс хаттар, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша «Білім шыны» облыстық студенттік олимпиадасына қатысқаны үшін дипломдар мен сертификаттар табыс етілді. Облыстық кәсіптік шеберлік чемпионатына барлығы 12 оқушы – 6 бастауыш білім беру және 6 мектепке дейінгі білім беру сайыскерлері қатысты. Кәсіби шеберлік сайысы 3 конкурстық тапсырманы орындауды қамтыды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, жеңімпаздар жетекшілері алғыс хаттармен, жүлделі орынға ие болмаған қатысушыларға қатысу сертификаттары табыс етілді. Семинар «ZOOM» онлайн платформасы арқылы өтті. Алдағы уақытта да жемісті өзара ынтымақтастық тілегімен Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Утарбаева Ләззат Жетебайқызы мен колледжіміздің директоры Жанділдин Ерлік Борисұлы сөз сөйледі. Барлығы 8 спикер болды. Біздің колледждің спикерлері: • Математика пәнінің мұғалімі Ж.А.Касибаева, баяндаманың тақырыбы «Математика сабағында оқушылардың оқу әрекетін бағалау түрлері»; • Жуланова А.М., шет тілі мұғалімі, баяндаманың тақырыбы «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында шет тілін оқытудың ерекшеліктері»; • Рсаева Ж.С., қазақ тілі пәнінің мұғалімі, баяндаманың тақырыбы «Жанартылған білім беру мазмұнында студенттердің функционалдық сауаттылықтарын дамыту»; • Сұлтанова Н.С., тарих пәнінің мұғалімі, баяндаманың тақырыбы «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында тарих пәні мұғалімін дайындауға қойылатын талаптар». Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің Студенттік Парламенті 2022 жылдың 4 сәуірі мен 4 мамыры аралығында Ғылым күніне арналған «Менің ғылымға алғашқы қадамдарым» республикалық конкурсына қатысуда. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3193024044311468&id=100008117106470 1-4 курс кураторлары «Ұлы жаңалықтар беттері арқылы» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарын өткізудегі мақсат – әлемнің ұлы жаңалықтары мен өнертабыстары туралы білімдерін кеңінен насихаттау арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту. «Жалпы құқықтық білім беру» үйірмесінің жетекшілері Шарипов Ж.Б. және Тлеуова Ж.Д. 1 курс студенттері арасында «Ғылым өмір сапасын жақсартады» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің ғылым мен техника тарихы туралы түсініктерін кеңейту, ғылым мен прогресс жолындағы Қазақстанның ұлы ғалымдарының қызметіне оң моральдық баға беруді қалыптастыру. Осы тамаша мереке күні құрметті ұстаздарымыз бен студенттерімізге шығармашылық табыс, жарқын жеңістер, сәттілік пен шабыт тілейміз! Мұхамадиева А.Д., колледж әдіскері


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст